Денежный перевод
Как это работает?
Сұрақтарыңызға жауап береміз
  • Аударымды қалай онлайн жіберуге болады?

    • Келесі нысандардағы барлық өрістерді толтырыңыз: аударым бағытын, валютасын және алатын сомасын, сондай-ақ банк картаңыздың шығарылған елін. Қазіргі сәтте ресейлік және қазақстандық банктердің карталарынан жіберуге болады. Жүйе аударымның құнын есептейді де, аударымды жіберу және берілуі үшін қолжетімді валюталардағы нұсқаларды ұсынады. Барлық деректерді енгізгеннен кейін, «Алға» батырмасын басыңыз
      ​ Төлем жасау үшін Қазақстан банкі тарапынан шығарылған банк картасын қолдансаңыз, онда сіздің картаңыздан шығарылатын ақша қаражаты теңгемен есептеледі. Егер аударымның ақысын валюталық шотқа бекітілген картадан төлесеңіз, картаның эмитент-банкінің бағамы бойынша айырбастаумен байланысты қосымша шығындар болуы ықтимал.
    • Аударымды алушы деректерін толтырыңыз: Алушының тегі, аты, әкесінің аты, телефон нөмірі және туған күні. «Одан әрі» батырмасын басыңыз.
      Енгізілген деректердің дұрыстығын міндетті түрде тексеріңіз. Егер деректерді қате көрсетсеңіз, онда банкте алушыға аударымды бермеуі мүмкін. Аударымның нөмірі және мәртебесімен СМС алу үшін телефон нөмірлерін дұрыс көрсетіңіз.
    • Аударымды жіберуші деректерін (сіздің деректеріңіз) толтырыңыз. Өз телефон нөміріңізді, ЖСН, азаматтығыңызды көрсетіңіз және «Одан әрі» батырмасын басыңыз.
      Назар аударыңыз: кейбір елдердің заңнамасында жіберуші туралы кеңейтілген ақпарат ұсыну талап етіледі.
    • Жіберушінің телефон нөмірін растаңыз. Бір рет енгізілетін код көрсеткен нөміріңізге смс арқылы келеді.
    • Барлық енгізілген деректерді тексеріңіз және қажет болса түзетіңіз.
      Егер деректер дұрыс болса, «Одан әрі» батырмасын басыңыз.
    • Карта деректерін толтырыңыз: картаның нөмірі, картаның әрекет ету мерзімі, үш санды CVC2/CVV2 коды (картаның кері жағында орналасқан). «Төлеу» батырмасын басыңыз.
    • Егер Сіздің картаңызды шығарған банк Mastercard SecureCode, Verified By Visa немесе Mir Accept технологиясын қолдаса және карта деректері дұрыс көрсетілсе, онда картамен байланыстағы телефон нөміріңізге құпия код (бір рет енгізілетін құпия сөз) келеді. Оны «Құпия сөз» өрісіне енгізіңіз және «Жіберу» батырмасын басыңыз.

    Құттықтаймыз, Сіздің аударымыңыз сәтті жіберілді!​

  • Аударым үшін комиссияның мөлшері қандай?

    Аударымды жіберу бойынша комиссия мөлшерін білу үшін https://koronapay.com/online парақшасында алу қабылдау елін, валютасы мен сомасын таңдаңыз.

    РФ рубльдерінен ерекше қабылдау валютасын таңдаған кезде комиссия алынбайды, яғни мұндай аударымды жіберу Сіз үшін тегін болады.

    Сіздің картаңызды шығарған банк қосымша комиссияны ұстай алады. Нақтылау үшін сізге «картадан картаға аударым» операциясы үшін комиссияны банктің ұстайтыны/ұстамайтындығы туралы сұрақпен банкке жүгіну қажет.

  • Аударымды қандай валютада жіберуге болады?

    Аударымды Сіз теңгемен ғана жібере аласыз.
    Нақты елде алуға қолжетімді валюталарды білу үшін https://koronapay.com/online парағынан аударымның бағытын таңдаңыз және валюта өрісіне басыңыз. Сіз осы бағыт үшін барлық қолжетімді валюталарды көре аласыз.​

  • Аударымды басқа валютаға ауыстырғанда бағам қандай болады?

    Қажетті валютаға ауыстыру бағамын білу үшін https://koronapay.com/online ​парағынан елді, валютаны және алынатын соманы таңдаңыз.

  • Аударымды қай жерден ала аламын?

    ​Аударымды «Золотая Корона» аударымдарын беру бөлімшелерінен алуға болады. Сайтта таңдалған аударымды алу бөлімшесіне бармас бұрын сол бөлімшенің жұмыс уақытын банктің немесе сауда желісінің көрсетілген телефон нөмірі арқылы алдын ала біліп алуға кеңес береміз. «Золотая Корона» аударымдарын алу бөлімшелерінің мекен-жайлары бойынша ақпаратты сайттан​ білуге болады.​

  • Аударымдарды қандай картадан жіберуге болады?

    ​Аударымды келесі карталармен төлей аласыз:
    • РФ кез-келген банкімен шығарылған Visa, MasterCard, Maestro, Мир. Карталар сәйкесінше Verified By Visa, Mastercard SecureCode, Mir Accept технологияларын қолдауы тиіс;
    • Қазақстан Республикасының кез-келген банкімен шығарылған Visa, MasterCard, Maestro. Карталар MasterCard MoneySend, VisaDirect технологияларын қолдауы тиіс.​

Получите ссылку
на приложение по SMS
Получить